Нұр-Сұлтанда барлық тасжолда жүретін жекелеген көлік түрлерінің жүруіне тыйым салынды.
«2 қаңтар күні сағат 18:00 бастап ауа райының нашарлап, температураның төмендеуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласынан республикалық маңызы бар барлық жол бағыттары бойынша қоғамдық көлік және дизельмен жүретін автокөлік түрлеріне шектеу енгізіледі», – делінген Smart Astana-ның ресми хабарламасында.