2021 жылдан бастан Ресей мектептерінде футбол ойыны жеке пән ретінде өткізілетін болады. Бұл туралы Eurosportхабарлайды.
Сайттың хабарлауынша, Ресей оқу-ағарту министрлігі мен Ресей футбол одағы дене шынықтыру пәнін футбол ойыны негізінде өткізу туралы бағдарлама әзірлеген және бұл бағдарлама осы жылдан бастап іске асырылмақшы.
«Дене шынықтыру пәнін алмастыратын футбол сабағы – балаларды нөмірі бірінші саналатын бұл спорт түрімен таныстырудың бірегей алаңы. Мектеп оқушылары (ер балалар мен қыздар) допқа иелік етудің базалық тәсілдерін, футболдағы комбинация түрлерін үйреніп, сондай-ақ өз аймағы, Ресей және әлем бойынша футбол туралы жаңалықтардан хабардар болады. Сонымен қатар өміріне қажетті қабілеттер: өзара көмек көрсету, өзара түсінісу, жауапкершілікті сезіну және командамен жұмыс істеу дағдыларын дамыта алады», – делінген хабарламада