Қазақстандық биатлоншы Австрияда топ жарды
Қазақстандық биатлоншы Австрияда топ жарды
279
оқылды

7,5 шақырымдық спринт жарысында Никита Акимов алдына жан салмады.

«Австрияда биатлоннан халқаралық турнир өтуде. Жастар арасындағы 7,5 шақырымдық спринт жарысында қазақстандық спортшы Никита Акимов бірінші орын алды», – деп хабарлайды olympic.kz

Отандасымыз бұл қашықтықты 20 минут 56,2 секундта жүріп өткен.

Семен Вдовин жарысты 20-ші нөмірмен аяқтаса, Вадим Куралес мәреге 23-ші болып жетті. Ал Данил Червенко – 28-ші орында.