Тергеу изоляторынан ер адамның мәйіті табылды
Тергеу изоляторынан ер адамның мәйіті табылды
277
оқылды

Оны камераласы өлтірген.

Бұл туралы ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі мәлімдеді. Хабарламада 2 желтоқсан күні Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторының камерасынан қамауға алынғандардың бірінің мәйіті табылғаны туралы айтылады.

"Тергеу барысында камераластар арасында жанжал туып, соңы төбелеске ұласқаны белгілі болды. Олардың бірі екіншін жаралап, салдарынан ер адам қайтыс болған", - деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметіндегілер. 

Күдікті кінәсін мойындады, қазіргі таңда соталды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.