Биткоинның бағасы 32 мың долларға жетті
Биткоинның бағасы 32 мың долларға жетті
253
оқылды
Сенбі күні биткоин бағасы 9%-ке қымбаттады. Ең танымал криптовалюта бағамы бір тәулікте үшінші рет тарихи максимумға жетті. Қазіргі уақытта биткоин бағамы 32 мың доллардан асты. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды. Қазірдің өзінде жаһандық нарықта криптовалютаның 71%-ін биткоин құрайды. Биткоин бағасы желтоқсанның екінші жартысында көтеріліп кетті. 16 желтоқсан күні криптовалюта 20 042 долларға жетіп, тарихи шегіне жетті. Одан кейін биткоин бағасы 28 мың доллардан, ал одан кейін 29 мың доллардан асты.