Қар жауып, көктайғақ болады
Қар жауып, көктайғақ болады
5,222
оқылды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Оңтүстік-батыс, шығыс және орталықта атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады.

Жауын-шашын, кей аймақта қар жауады. Қазақстананың калған аумағы антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшейюі сақталады. Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі.