Эбола вирусын ашқан ғалым аса қауіпті ауру пайда болатынын ескертті
Эбола вирусын ашқан ғалым аса қауіпті ауру пайда болатынын ескертті
266
оқылды

Эбола вирусын ашқан белгілі ғалым Жан-Жак Муембе-Тамфум (Jean-Jacques Muyembe Tamfum) аса қауіпті ауру пайда болатынын ескертті, - деп хабарлады CNN.

Дәрігердің айтуынша,  пациенттерінің бірінен геморрагиялық безгектің алғашқы белгілері анықталған. Оның Эбола және басқа да белгілі ауруларға тапсырған сынамасы теріс нәтиже көрсеткен. Ол бұл әйел жаңа ауру жұқтырған алғашқы адам деп есептейді. Болжам бойынша, жаңа ауру коронавирус секілді жұқпалы, өлім-жітім көрсеткіші Эбола дертіне қарағанда 50-90% құрайды.   

Әзірге бұл тек болжам. Алайда егер ол расталса, ДДСҰ жаңа аурудан болатын өлім-жітім көрсеткіші айтарлықтай жоғары болатынын болжап отыр. Профессор Муембе-Тамфум адамзатқа біршама белгісіз вирус қауіп төндіріп тұрғанын айтады. Оның пайымынша, көптеген қауіпті ауру Африканың тропикалық ормандарында бар. Сондай-ақ коронавирус секілді жануарлардан адамға жұғатын жаңа індеттер болашақта міндетті түрде пайда болады. Бұған дейін Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті, медицина профессоры Алмаз Шарман еліміздегі эпидемиологиялық жағдай 2021 жылы қандай болатынын айтқанын жазған болатынбыз.