Амазонканың тропикалық ормандары 2064 жылға қарай сирек бұталар ғана өсетін құрғақ жазыққа айналуы мүмкін. Бұл климатқа ғана байланысты емес, сонымен бірге адамның да әсері болады, деп болжайды Флорида университетінің профессоры Роберт Уокер.
ScienceAlert басылымының жазуынша, аймақтың бірегей ормандары климаттық дағдарыстан ғана емес, сондай-ақ орманды ауқымды отау салдарынан жоғалуы мүмкін. Сонымен қатар жергілікті фермерлер ауылшаруашылық жерлерін үлкейту үшін ормандарды жиі өртейді.
"Адамдар аш қалмау туралы ойлануға мәжбүр болған кезде биологиялық әртүрлілік пен қоршаған орта туралы көп алаңдамайды", – деді Уокер.
Амазонка тропикалық ормандары құрғақшылық пен өрттен кейін қалпына келіп үлгермейді.
"Оңтүстік Амазония құрғақшылық маусымы жалғаса берсе, 2064 жылға дейін түбегейлі өзгеріске жетуі мүмкін", – деп атап өтті Уокер.