Коронавирус испан тұмауы сияқты күтпеген жерден аяқталуы мүмкін - ғалымдар
Коронавирус испан тұмауы сияқты күтпеген жерден аяқталуы мүмкін - ғалымдар
274
оқылды
Ресейлік дәрігерлер коронавирус пандемиясының аяқталу жағдайларын атады және оның ХХ ғасырдың басында Еуропада болған испан тұмауы эпидемиясы сияқты күтпеген жерден аяқталуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ВАК хабарлады. Испан тұмауы үш толқынмен дамып, екінші толқыны өте ауыр өтті. Эпидемиологтардың айтуынша, коронавирусты жоюдың ең оңтайлы мезгілі – жаз айлары. Қазіргі пандемиямен күрестің шешуші факторы вакцина әзірлеу жылдамдығы екен. Індетке қарсы вакцина дер кезінде әзірленбесе, адамзат SARS-CoV-2-мен бірге «мәңгі қалу» қаупі туады.
«Топтық иммунитет жуық арада қалыптаспайды. Сарапшылардың пікірінше, 2021 жылы өлім-жітім көрсеткіші 2020 жылдан кем түспейді деп болжануда. Мұны тек екпе егу арқылы тоқтатуға болады», - деді Ресей Федерациясының Қоғамдық денсаулық сақтау және демография мәселелері бойынша кеңесінің төрағасы Дарья Халтурина.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы деректері бойынша әлемде коронавирустың 82 миллионға жуық жағдайы тіркелген, пандемия 1,8 миллионнан астам адамның өмірін қиды.