Құттықтау жеделхаттары

Құттықтау жеделхаттары

Қазақстан Президентінің атына көптеген мемлекеттер мен Үкімет басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетек­шілерінен, бұрынғы мемлекет басшыларынан, мемлекет қайраткерлерінен, дипломатия және қоғам, іскер топтардың өкілдерінен жаңа 2021 жылмен құттықтаған жеделхаттар келіп түсуде.

Ресей президенті Владимир Путин Жаңа жылмен құттықтауында Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында табысты дамып келе жатқанын айтқан. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев өзінің құттықтау жеделхатында 2020 жылы екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы зор жетістіктерді атап өткен. Өзбек көшбасшысы өзара тиімді келісімдер мен бірлескен жобалардың, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық, көлік, энергетикалық, өнеркәсіптік кооперация бойынша, мәдени-гуманитарлық және өңіраралық ынтымақтастықтың қарқынды жүзеге асырылуын өте жоғары бағалаған. Беларусь президенті Александр Лукашенко Беларусь пен Қазақстан өзара түсіністікке, берік достыққа және сыйластыққа құрылған ұзақмерзімді серіктестік қарым-қатынастарға адалдығын бірнеше рет дәлелдегенін атап өткен. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Армения президенті Армен Саркисян, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Қырғыз Республикасы президентінің міндетін атқарушы Талант Мамытов, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Украина президенті Владимир Зеленский, Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Германияның федералды канцлері Ангела Меркель, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, БАӘ президенті Халифа бен Заид Әл Нахаян, БАӘ вице-президенті, премьер-министрі Мұхаммед Бен Рашид Әл Мактум, Абу-Дабидің тақ мұрагері, БАӘ қарулы күштері бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Иордания королі II Абдалла, Кувейт әмірі Наваф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах, Ауғанстан президенті Мұхаммед Ашраф Ғани, Иран президенті Хасан Рухани, Мысыр президенті Абдель Фаттах Ас-Сиси, Польша президенті Анджей Дуда, Финляндия президенті Саули Ниинистё, Литва президенті Гитанас Науседа, Латвия президенті Эгилс Левитс, Ирландия президенті Майкл Хиггинс, Сингапур президенті Халима Якоб, Словения президенті Борут Пахор, Хорватия президенті Зоран Миланович, Норвегия королі V Харальд, Дания патшайымы II Маргрете, Жаңа Зеландияның генерал-губернаторы Пэтси Рэдди, Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев, Еуразиялық эконо­микалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович, ТМД атқарушы хатшысы – атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бас хатшысы Станислав Зась, НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг, ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Ресей Федерациясы федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко, Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кирилл, БҰҰ бас хатшысының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Наталья Герман, Еуразиялық экономикалық одақ сотының төрағасы Жолымбет Бәйішев, Хорватияның бұрынғы президенті Степан Месич, Сингапурдың бұрынғы премьер-министрі Го Чок Тонг және Татарстанның мемлекеттік кеңесшісі Минтимер Шаймиев Жаңа жылмен құттықтап, жеделхат жіберді.