Жақында түрмеден шыққан Мұрат Әбділдә бір күнде миллионер болды

Мұрат Әбділдә биыл 9 қыркүйекте мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.

Жақында бостандыққа шыққан блогер Мұрат Әбділдә бірден үш рекорд орнатып, миллионер атанды.  Aikyn.kz бұл туралы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мұндай есептеулерді Politico саяси-әлеуметтік порталы жүргізген. 18 қыркүйекте TikTok-та басқа блогермен батлға шыққан Мұрат Әбділдә бірден үш рекорд орнатқан.

Ең әуелі ол TikTok-тағы лайк саны бойынша рекорд жаңартқан. Блогер жарты сағаттың ішінде 151,5 миллион лайк жинап үлгерген.

Екіншіден, блогердің тікелей эфирін бір сәтте 170 мың адам көрген. Бұл да TikTok-та тіркелген жаңа рекорд саналады. 

Үшінші рекорд - Мұрат Әбділдә отырған тікелей эфирдің сілтемесін тарату бойынша жасалған. Тікелей эфирді 196,9 адам бөліскен.

Сонымен қатар тікелей эфирді көріп отырған адамдар блогерге 30 минуттың ішінде 6 024 549 "алмас" жіберген. Бұл TikTok есептері бойынша, 30 122 доллар немесе 14 432 528 теңгеге бағаланады.

Еске салайық, Мұрат Әбділда 2022 жылы әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырды деп 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол көпшілікке әлеуметтік желідегі әндерімен танымал. 

Мұрат Әбділдә биыл 9 қыркүйекте мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.