Жігіттер, мен оны бірінші рет көріп тұрмын – Қарағандыда педофилдің ұсталған видеосы шықты

Жігіттер, мен оны бірінші рет көріп тұрмын – Қарағандыда педофилдің ұсталған видеосы шықты

Күдікті 2006 жылы осыған ұқсас 12 қылмыс бойынша 15 жылға сотталған.

Полиция Қарағандыда тұрғын үйдің кіреберісінде жеті жасар қызға тиіскен ер адамның ұсталғандығы туралы бейнеролик көрсетті, – деп хабарлайды Liter.kz.

Полиция бүлдіршінге тиіскен күдіктіні іздеуге көшегі патрульдік машинамен шығып, кішкентай қызға көшедегі адамдарға мұқият қарап отыруды тапсырады. Бір уақытта патруль көлігінің терезесінен оны танып қалған қыз: «Ол мынау!», – деп айқайлайды. Полиция көлігі ер адамның қасына тоқтаған кезде, күдікті: «Мен оны бірінші рет көріп тұрмын. Жігіттер, мен оны бірінші рет көріп тұрмын» деген сөзді қайталай береді.

2019 жылдың 10 желтоқсаны күні полиция қызметкерлері оны бірден ұстады. Күдікті 2006 жылы жас қыздар мен әйелдерге шабуыл жасағандығы белгілі болды.

Оның үстінен 12 қылмыстық оқиға бойынша іс қозғалып, 15 жылға сотталды. Алайда, 2019 жылдың наурызында ер адам өзін жақсы ұстағаны үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.

https://youtu.be/u99UOWTtLjU