Әбілқайыр ханның жүзігі қайда?

Әбілқайыр ханның жүзігі қайда?

Әбілқайыр ханның жүзігі Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі «Қазақ хандығы» залынан көруге болады.

Бұл – хан жүзігінің көшірмесі. Оны жергілікті қолөнер шебері Әділов Ерқосай таза күмістен жасаған. Мұражай жетекшісінің айтуынша, бұл жүзік 1744 жылы Әбілқайыр ханның Орынбор облысының губернаторы Иван Неплюевке жазған хатындағы басылған мөрдің негізінде  жасалған.
Музейдегі сурет
– Бұл – Әбілхайыр хан мөрінің көшірмесі. Жүзіктің түп нұсқасы баяғыда жоғалып кеткен. Содан бері оның тағдыры белгісіз. Ханның сақинасы оның қолтаңбасы және жеке мөрі болған. Ол оны үнемі тастамай тағып жүретін. Маңызды деген құжаттарға осымен қол қоятын. Жүзікте араб жазуы Әбілқайыр ханның толық аты жазылған. Бұл оның тектілігінің белгісі еді, – дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің жетекшісі Айбек Ертемиров.