Асқар Мамин: Рождество – татулық пен келісімді нығайта түсетін мереке

Асқар Мамин: Рождество – татулық пен келісімді нығайта түсетін мереке

Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Қазақстанның православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын! Мейірім мен сүйіспеншілік, әділдік тәрізді мәңгілік құндылықтардың нышанына айналған ізгі мейрам жанашырлық пен қайырымдылыққа үндейді. Сенім адамдарды рухани жетілуге әрі игілікті істерге жетелейді. Рождество – көпұлтты Қазақстандағы татулық пен келісімді нығайта түсетін жарқын да ізгі мерекелердің бірі. Православ христиандарына, барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық және игілік тілеймін! Мереке әр шаңыраққа шаттық пен бақыт сыйласын!