Алматылық биші Грузиядағы таланттар шоуын қыздыра түсті

Алматылық биші Грузиядағы таланттар шоуын қыздыра түсті

Оның биін Facebook-те 42 миллионнан астам адам тамашалады.

Алматылық биші Ева Шиянова Грузияда өткен таланттар шоуына қатысып, жартылай финалға өтті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол толық өрнегі бар нөмірді орындады және көрерменді қимылымен құмарта білді. Ева Шиянованың өнері қазылар алқасы мен көрермендердің көңілін көтерді, олар өздерінің эмоцияларын баса алмады. Қойылым әсіресе, ер адамдарының қызығушылығын тудырды. Енді Ева тағы бір нөмір дайындап, финалға шығуы керек.

Айта кетейік, қазақстандық биші таяуда Румынияда өткен таланттар шоуына (Румыния Got Talent) қатысып, финалға өтіп, 7 орын алған. Содан кейін румындық БАҚ «Ева Шиянова орындаған нөмір барлық қойылымдардың ішіндегі ең жарқын және есте қаларлық болды» деп жазды.

Ева билегенде көрермен түрегіп тұрып қол соққан. Оның биі түсірілген видеоны Facebook-те 42 миллионнан астам қараған.

Ева Шиянова – стрип-пластиктен Қазақстан чемпионы. Ол сонымен қатар жеке халықаралық чемпионатта және стриптиздегі жекпе-жекте бірінші халықаралық би конкурсының абсолютті чемпионы. Бишінің мансабында Украинадағы «Бәрі билейді» атты телешоуға қатысқан тәжірибесі бар. Байқау нәтижесі бойынша, Ева ТМД-дағы ең жақсы бишілердің ТОП–40-ына кірді.

Еске салайық, Ева кезінде Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында классикалық бөлімнің балет әртісі болып жұмыс істеген.


https://youtu.be/4Lj2I4BI3Sk