БҰҰ-да экология проблемасын айтқан Грета Тунберг «Жыл адамы» атанды

БҰҰ-да экология проблемасын айтқан Грета Тунберг «Жыл адамы» атанды

24.kz-тің жазуынша, америкалық Time журналының таңдауы бойынша 16 жастағы Грета Тунберг «Жыл адамы – 2019» атанды.

Басылым Twitter-дегі ресми парақшасында: «Грета Тунберг Time-ның таңдауы бойынша 2019 жылдың «Жыл адамы» болды», – деп жазды.



Еске сала кетейік, Грета Тунберг – әлем назарын климаттың өзгеруіне аударуға және саясаткерлерді нақты іске көшуге шақырып жүрген танымал белсенді. Кейінгі уақытта Тунберг БҰҰ-да сөз сөйледі. Рим папасымен және АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесті. 4 миллионға жуық адамды биыл 20 қыркүйекте климаттың өзгеруіне қарсы жаһандық шеруге шығуға үндеген болатын.