Facebook – күллі мұсылманды жек көруге итермелеуде

Facebook – күллі мұсылманды жек көруге итермелеуде

Журналист осындай айыптауды Facebook директоры Марк Цукербергке тақты.

Әлеуметтік желілердің алыбы Facebook – бүкіл әлемді мұсылманды жек көруге итермелеп отырған қозғаушы күші деп санайды британдық журналист. Бұл жөнінде Мехди Хасан The Intercept газетіндегі мақаласында жазған. Онда британдық журналист Facebook директоры Марк Цукербергті өзінің әлеуметтік желісіндегі «мұсылмандарға деген өшпенділік пен фанатизмнің жолын кесуге» шақырды.

«...Сіз және сіздің Facebook-тегі әріптестеріңіз, платформаңыздың жұмысын дұрыс жолға қоймағансыз. Соның кесірінен зорлық-зомбылықтың өршуіне, келіспеушіліктің ұлғаюы кеңінен таралуда. Мәселен, Мьянмадағы жағдайдың алдын алуға ештеңе жасалмады» деп жазған мақалада. Бұл – 2017 жылы болған әскери қақтығыс жайында. Онда 730 мыңнан астам Рохинья мұсылмандары Ракхайнадан көршілес Бангладешке қашқан еді. Бұл қозғалысты, БҰҰ «геноцидтік ниетте» жасалған деп мәлімдеген.

Сондай-ақ, журналист The center for political alternatives деп аталатын ұйымның Facebook-те барлық мұсылманды өлтіруге шақыратын видео мен жазбаларды еркін таратып отырғанын жеткізді.

Мақаланың соңында Хасан Цукербергті елге қандай тұлға ретінде сақталғысы келетінін сұрап, ойын сан-саққа жүгірткен секілді. «Әзілді жазбалар мен достардың сұрауы бойынша интернетте екі миллиард адамның басын қосқан компанияның негізін қалаушысы, әлде жүздеген мың мұсылманның қырылуын ұйымдастыруға көмектескен насихаттаушы құралдың негізін қалаушысы ма?» деген сұрақ қойған.