Елбасыдан қошемет көрді

Елбасыдан қошемет көрді

Еліміздің ең басты ме­рекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мем­лекеттік марапаттар та­быстады.

Марапаттау – ғұмырын Отанға адал қызмет етуге ар­наған тұлғалардың еңбегін лайықты бағалау.

Салтанатты шара ба­ры­сында Нұрсұлтан Назарбаев «Қа­зақстан Рес­публикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» ор­денін өз қолымен Тұңғыш Прези­д­енттің көмекшісі Абай Бисембаевтың кеудесіне тақты.

Көрнекті мемлекет және ғылым қайраткері, Қа­зақ­стан­ның Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбеков І дәре­желі «Барыс» орденімен мара­патталды.

– 2019 жылы халық болып, азаттығымыздың 28 жыл­дығын мерекелейміз. Отан алдындағы зор қызметін ба­ғалап, Тәуел­сіздік күні қарсаңында Прези­дент ел аза­маттарына награ­да тап­сырды. Мен сіздерді ор­ден­деріңізбен құттықтаймын! Елі­міздің игілігі жолында ары қарай еңбек етуді жал­ғас­ты­рыңыздар, – деді Елбасы.


Елдос СЕНБАЙ