Сайлауға шақыру туралы хабарламада мекенжай неге дұрыс көрсетілмеген?

Сайлауға шақыру туралы хабарламада мекенжай неге дұрыс көрсетілмеген?

Жұмысын таңғы 07.00-де бастаған учаскеге келуші сайлаушылардың қарасы толастар емес.

Әйтсе де қарастырылған норма бойынша мұнда екі сағат сайын санитарлық өңдеу жүргізілуде.

«Барлық санитарлық талаптар сақталуда. Дауыс берушілер қарасы көп болғандықтан оларды ғимаратқа лек-легімен өткізудеміз. Адамдар арасы 1 метрді болуы тиіс. Ал сайлаушылар тізімі e-gov сайтында тексеріліп, сосын барып тізімге алынады. Қажеттілігіне қарай тұрғылықты тұратын жері бойынша және басқа себептермен журналға тіркеу де жүргізілуде. Бақылаушылар тарапынан сайлаушыларға қатысты өтініштерге дер кезінде ден қоюдамыз. Жаңа бір дауыс беруші бюллетенді кіші жылжымалы урнаға салғаны үшін хаттама толтырылды. Бүгіндікке бұл екінші хаттама», – дейді залда тәртіпті қадағалап жүрген Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Жанна Тәуекелова.

Журналға тіркеу себебі Орталық сайлау комиссиясы таратқан хабарламада болып отыр. Бұған дейін өз сайлау учаскелерін алдын ала анықтап алмаған сайлаушылар сол хабарлама сеніп, онда көрсетілген Достық 11 мекенжайына келген. Ал мұнда ол мәліметтің қате екені анықталған.

«Хабарлама кеше кешке келді. Енді ондағы мекенжай дұрыс болмағандықтан, екі жүріс қылып өз сайлау учаскемізге кетіп бара жатырмыз. Неге бізді бұлайша сабылтып қойған?», – дейді сайлаушылардың бірі.

Сайлау учаскесі бойынша 3690 сайлаушы тіркелген болса, алдын ала мәлімет бойынша осы уақытқа дейін соның мыңнан астамы дауыс берді.

Нұрлан ҚОСАЙ