Сайлау, шынында, демократиялық жолмен өтіп жатыр –  Сергей Литвиненко

Сайлау, шынында, демократиялық жолмен өтіп жатыр –  Сергей Литвиненко

Кейбір ұсақ және елеусіз бұзушылықтар болды, соған қарамастан, сайлау, шынында, демократиялық жолмен өтіп жатыр. Украина Жоғарғы Радасының депутаты, «Халық қызметшісі» фракциясының мүшесі Сергей Литвиненко бүгінгі сайлауды байқаушы ретінде осылай деді.

 «Таңертең сағат 10.00-ден бастап біз сайлау учаскелерінде отырдық, келушілер саны өте көп болды. Біз Қазақстан  азаматтарының сана-сезімінің жоғары екенін көрдік, парламенттік сайлаудың дұрыс өтуі тиістігін түсінеміз. Мұны көру маған  ұнады. Менің ойымша, кейбір ұсақ және елеусіз бұзушылықтар болды, соған қарамастан, сайлау, шынында, демократиялық жолмен өтіп жатыр деп айта аламыз», – деді ол сайлау байқаушыларының арнайы брифингінде.