Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Сиднейде Жәнібектің IBF чемпиондық белбеуі тігіледі.

Жәнібек пен жаңазеландиялық Андрей Михайлович (21-0, 13 KO) арасындағы жекпе-жек АҚШ-та өтеді деп күтілген еді. Алайда ұйымдастырушы тарап жасыл құрлықтағы елді таңдаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz msports.kz-ке сілтеме жасап. 

Екі боксшы шілде айында жұдырықтасуы керек болған. Өкінішке қарай, қазақстандық боксшы салмақ қуу кезінде есінен танып, ауруханаға түсіп қалған болатын. Нәтижесінде, жекпе-жек кейінге шегерілген еді. 

Сиднейде Жәнібектің IBF чемпиондық белбеуі тігіледі. АҚШ-та жекпе-жекті ESPN+ телеарнасы көрсетеді.