Ет пен нан бағасы өседі – Ұлттық банк

Ет пен нан бағасы өседі – Ұлттық банк

Еуразиялық экономикалық одақ аясында жаңа талаптардың енгізілуі аясында азық-түлік тауарларының кейбір түрлерінің бағасы көтеріледі деп күтіліп отыр,– деп хабарлайды LS.

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, қарашада жылдық инфляция біз күткен деңгейден төмен болып, 5,4% құрады.

«Қысқа мерзімді перспективада ЕАЭО аясында жаңа талаптардың енгізілуі аясында астық дақылдары мен сүт өнімдерінің қымбаттауы нәтижесінде азық-түліктің жекелеген түрлеріне, атап айтқанда ет пен нанға бағалар өсуі мүмкін», – деді Е.Досаев.

Ұлттық банк төрағасының сөзіне қарағанда, инфляцияға ең көп салым азық-түлік өнімдері бойынша жалғасуда, олар бір жыл ішінде 9,7% қымбаттады.

«Нан өнімдері мен жарма бағасының 15,5% -ға, ет және ет өнімдерінің 13,4%-ға, балық және теңіз өнімдерінің 12,2% -ға өсуі ерекше байқалды», – деді ол.

Осы жылдың аяғында Ұлттық Банк инфляция деңгейін 5,5 – 5,7% деңгейінде бағалайды.