Тұрақтылық – басты құндылық  – ҚХА мүшесі Қазақбай Таштемірұлы

Тұрақтылық – басты құндылық  – ҚХА мүшесі Қазақбай Таштемірұлы

Дауыс берушілердің басым бөлігі өз таңдауын жасап үлгерді. Санитарлық талаптарға сай өтіп жатқан сайлауға қатысушылар жақсы баға беруде.

Мәселен, ҚХА мүшесі, Филология ғылымының докторы, Халықаралық қауіпсіздік саласының профессоры Қазақбай Таштемірұлы саяси өзгерістердің барлығы тұрақтылықты қамтамасыз ету керегін айтты.

– Менің ойымша, Қазақстан халқы ассамблеясынан депутат сайлау Парламентке де абырой болмақ. Осы органнан сайланатын 9 депутат жеке мүдденің емес, халықтың сөзін сөйлейді. Ассамблея еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір арнаға жинап отыр. Сондықтан көздеген мақсаты да ерекше. Тұрақтылық – тәуелсіздікті бекем ететін ең басты құндылықтардың бірі. Бірлік болмаған жерде тыныштық болмасын тарих көрсетті, – дейді.

                                                 Мадияр ТӨЛЕУ