Билл Гейтс: Біз бай адамдар көбірек салық төлеуіміз керек

Билл Гейтс: Біз бай адамдар көбірек салық төлеуіміз керек

Күтпеген ұстаным айтылды.

CNN-ге берген сұхбатында әлемдегі екінші бай адам Билл Гейтс өмірінде 10 миллиард доллар салық төлегенін айтты, бірақ «одан да көп төлеуім керек» деді, – деп хабарлайды lifter.com.

Кәсіпкер АҚШ тарихындағы ең ірі салық төлеуші болуы мүмкін екенін мойындады.

«Үкімет мен сияқты ауқатты адамдарға салықты өсіруі керек», – деді ол сұхбат барысында.

Миллиардер Трамп әкімшілігі жүргізген салық реформасын және оның бір жылға созылғанын сынға алып, оны «регрессивті шара» деп атады.

«Ең бай адамдар орта және төменгі санаттарға қарағанда айтарлықтай жеңілдік алады. Сондықтан олар көбірек төлеуі керек» деді Гейтс.

Гейтстің айтуынша, халықтың алтыдан бір бөлігі қанағаттанарлықсыз әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмір сүретін АҚШ-тағы өсіп келе жатқан теңсіздік барлық демократиялық елдерді қозғайтын проблема.