39 жастағы әйелдің 44 баласы бар

39 жастағы әйелдің 44 баласы бар

Бұл құнарлы тұқымның белгісі дейді ғалымдар.

Ол 39 жаста, Угандада тұрады және 44 баланы дүниеге әкелді. Бұл қорқынышты эксперимент емес және практикалық әзіл емес. Бұл жер бетіндегі ең көп баланы өмірге әкелген ананың нақты мысалы, – деп жазады Lifter.com.

Оның есімі – Марион Набатанци. Ол 23 ұл мен 21 қызды өмірге әкелген ана.

Марионның балалық шағы қиын болды. Оны 13 жасында ата-анасы өзінен 27 жас үлкен адамға сатты.

Өкінішке орай, мұндай оқиға Угандада жиі кездеседі.

Үйлену тойынан кейін көп ұзамай Марион тұңғыш – егіздерді дүниеге әкелді. Келесі жылы ол үшемді, содан кейін – төртем туды.

38 жасында ол 44 баланың анасы атанды. Өмірінде ол алты егіз, төрт үшем, алты төртемді дүниеге әкелді және бір-бірден екі бала дүниеге келді.

Угандадағы көптеген отбасылар сияқты, оның да экономикалық жағдайы қиын болды. Марионның күйеуі бала тәрбиесіне ешқашан қатысқан емес. Балалар үшін жауапкершілік толығымен өз мойнында.

Күн сайын үлкен отбасын асырау үшін оған кем дегенде 10 кг жүгері, 7 кг бұршақ және 4 кг қант қажет. Теңгерімді тамақтану нормасы туралы ойлауы мүмкін емес – бастысы қандай да бір жолмен тамақ тауып беру, яғни, тірі қалу.

Барлық қиындықтарға қарамастан, Марион балалары білім алып, қажетті негізгі дағдыларға ие болады деп үміттенеді. Олар заңгер, дәрігер және мұғалім болғысы келеді.

«Мен балалар Құдайдың сыйы екенін білемін және менің міндетім – оларға қазына ретінде қарау. Сондықтан мен олар үшін барымды саламын», – дейді Марион.