Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 18 желтоқсан күні өңірдің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Орал қаласында да осындай ауа райы орын алмақ, желдің екпіні секундына 18 метрге жетуі мүмкін.