Әнші психологтің көмегіне жүгінетінін жасырмады.
«Басымнан талай қиын кезең өтті»: Ерке Есмахан психологтің көмегіне жүгініп, кеңес алатынын айтты
Фото: instagram.com/ erke_esmahan
9,078
оқылды

Әнші Ерке Есмахан оқырмандарынан кеңес сұрады, – деп жазды Aikyn.kz.

Айта кетейік, Raim мен Ерке Есмахан Алматы Арена спорт кешенінде концерт өткізген болатын. Ерке Есмахан концерттен кейін немен айналысатынын білмей отырғанын айтты. 

“Альбом шықты, бейнебаяндар шығып, концерт өтті. Енді не істерімізді білмей, күйеуміз екеуміз бос қалдық. Демалысқа кетіп қалайық десек, алда тур бар. Шопинг жасайық десек, концертке дейін барлығын алып тастағанбыз. Әсіресе, мен. Кино, сериалдан шаршадық. Тек, шүкір, деп жатырмыз. Идея айтыңыздаршы, не істесек болады?" – деп сұрады әнші.

Әнші психологтің көмегіне жүгінетінін жасырмады. 

“Қазіргі заманда барлығы адамның өз қолында, миында, білімінде дегенге көз жеткізіп жүрміз. Қарап тұрсақ, кеше ғана не істерін білмей жүрген кей адамдар дұрыс психолог маманның қолына түсіп, сабағын оқып, дамып, миллионер боп кетіп жатыр. Бұл жерде басты сөз – "дұрыс психолог". Менің де басымнан сіздер білетіні бар, білмейтіні бар, талай қиын кезең өтті. Сол кезде бірінші боп кеңес сұрап хабарласатын адамым – Айнұр. Миымды бірден орнына қойып, жол сілтейді", – деді Ерке Есмахан Instagram желісіндегі сторисінде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.