Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылды
Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылды
438
оқылды

«Ақорданың» хабарлауынша, Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды» делінген Ақорданың хабарламасында.

Иманғали Тасмағамбетов — Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері.

Ол Қазақстан Республикасының V Премьер-министрі, 2008 жылдың 4 сәуірінен бастап 2014 жылдың 22 қазанға дейін Астана қаласының әкімі ретінде қызмет етті.

2014 жылы ҚР Қорғаныс министрі болып, ал 2017 жылдың 7 ақпанында Қазастанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарған.

1956 жылы 9 желтоқсанда қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында туған.

Оншақты кітаптардың және көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Мәдениеттану, мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық өркендеу проблемалары және саясаттануға байланысты мақалалардың авторы.

«Парасат» (1998 ж), Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» (2004 ж) және Орыс православиелік шіркеуінің «Мәскеулік Даниил қасиетті патшасы», Ресей Федерациясының «Дружба народов» орденімен марапатталған.