Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты реформа нәтижелі болуы тиіс – Рақым Ошақбаев
Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты реформа нәтижелі болуы тиіс – Рақым Ошақбаев
224
оқылды

«Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рақым Ошақбаев зейнетақы жүйесін жетілдіруді реформалауды заман талабына сай биылдан бастау керек екенін айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалардың үшінші пакетінде айтылған бастамаларды қолға алып, саяси жүйені трансформациялауды жалғастыруда. Ол саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7%-дан 5%-ға төмендету керектігін айтты. Сонымен қатар ел үшін тағы бір маңызды мәселе зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты. Бұл – Мемлекет басшысының басқа реформасы. 2019 жылы бастау алған реформа биыл жүзеге асырылуы керек. Арада бір жарым жыл өтті. Енді бұл реформаның қалай жүзеге асатынын, қай жағынан тиімді екенін көреміз. Дәл осы реформа ел назарында», – дейді Рақым Ошақбаев.