Ауыл шаруашылығы министрлігі «қауіпті қызанаққа» қатысты түсініктеме берді
Ауыл шаруашылығы министрлігі «қауіпті қызанаққа» қатысты түсініктеме берді
239
оқылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстаннан Ресейге экспортталған қызанақтарда қауіпті вирус анықталмағанын хабарлады. Министрліктің мәліметі бойынша, 2020 жылдың желтоқсанында Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызметі (Россельхознадзор) Green Capital Kazakhstan, Green Land Alatau ЖШС-нің өнімдерінің ішінде қызанақтан қауіпті вирус анықталғаны және Greenhouse-Qaztomat ЖШС өндіретін қызанақты алып келуге шектеу енгізгені туралы хабарлама жіберген. Осыған байланысты ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті шұғыл түрде ресми тексеру ұйымдастырды. Келіспеушілік  болмау үшін зертханалық талдау әдістері ресейлік ұйым мамандарымен бірге жасалды. Сараптама қорытындысы бойынша Greenhouse-Qaztomat ЖШС өнімдерінде ToBRFV вирустары анықталмады.
 «Объективтілік үшін компания өз бастамасы бойынша өнімнің сынамаларын Groen Agro Control тәуелсіз зертханасына (Нидерланды) жіберді. Қосымша зерттеу нәтижелері бойынша жылыжай шаруашылығында вирус анықталған жоқ. Осындай комиссиялық тексерулер Green Capital Kazakhstan және Green Land Alatau жылыжай шаруашылықтарында жүргізілді. Ол жерлерде де вирус анықталмады, – деп атап өтті ведомстводан.