Қазақстанның 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді

Қазақстанның 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді

Коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 17 қаңтар күнгі мәліметі бойынша Қазақстанның 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді. Қазір «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Қостанай және Павлодар облыстары тұр. «Сары» аймақта Алматы қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.