Алматы облысында 320 оқушыдан коронавирус анықталды

Алматы облысында 320 оқушыдан коронавирус анықталды

Алматы облысында 320 оқушыдан коронавирус анықталды. Алматы облысында оқу жылының басынан бері мектеп оқушылары арасында 320 оқушыдан COVID-19 анықталды. Соның ішінде 20 бала кезекші сыныптарда, 300-і қашықтан оқыған. Алматы облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында 765 жалпы білім беретін мектеп бар. Онда 400 мыңнан астам бала білім алады. Санитарлық ережелерді сақтау үшін облыс мектептері антисептиктермен, бактерицидті және кварцты шамдармен, еден төсеніштерімен қамтамасыз етілген.