Тоқаев Түркиямен әскери ынтымақтастық туралы келісімді бекітті

Тоқаев Түркиямен әскери ынтымақтастық туралы келісімді бекітті

Енді екі ел армиясы ортақ операциялар мен оқу-жаттығулар жүргізетін болады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының үкіметі мен Түркия Республикасының үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Құжаттың бекітілгені туралы мемлекет басшысының ресми сайтында хабарланды.

Келісімге қол қоюдың негізгі мақсаты ұзақ мерзімді әскери ынтымақтастықты нығайтып, дамыту екені айтылды, ол тең құқықты ғана емес, сонымен бірге өзара тиімді болмақ.

Қазақстан Республикасының парламенті ынтымақтастық бітімгершілік операцияларын жүргізу, әскери дайындық, оқу-жаттығулардан өту, қорғаныс өнеркәсібі және тағы басқа салаларды қамтитынын атап өтті.

Келісімді іске асыру Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, дамытады деп болжанып отыр.