Соңғы үлгідегі iPhone смартфонының дизайны таныстырылды

Соңғы үлгідегі iPhone смартфонының дизайны таныстырылды

Жаңа iPhone ХІІ смартфонының моделін жасаушылар оның макетін дайындап, алдыңғы модельдерден несімен ерекшеленетінін көрсетті, — деп жазады 24.kz.

Жаңалықты жапондық Macotakara сайты жариялады. Инсайдерлер ХІІ iPhone корпусының бейнесін жасап, оны 3D принтерімен басып шығарған. Сарапшылардың пікірінше, iPhone 12-ның сыртқы бейнесі басқа Apple смартфондарынан айтарлықтай ерекшелегі жоқ.

Алайда айырмашылықтар бар. Мысалы iPhone ХІ секілді дөңгелек жақтаулары тегіс болады.

Сондай-ақ жаңа смартфон Face ID, үш камера және Lightning қызметтерін сақтап қалады. Apple компаниясы iPhone ХІІ смартфонын 2020 жылдың қыркүйегінде ұсынбақ.