Адам танымастай өзгерген Ләйлә Сұлтанқызы жұрттың қызу талқысына түсті

Көпшілік тележүргізушінің адам танымастай өзгергеніне таңданысын жасырмады.

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасына жас кезіндегі суретін жариялады, – деп жазды  Aikyn.kz.    

«Декреттің де соңы бар. Берілмейміз, қыздар. Кімге жіберу керек екенін білесіздер», — деп жазды тележүргізуші.

Көпшілік оның адам танымастай өзгергеніне таңданысын жасырмады.

«Сізді танымай, бірінші фотоны көріп, мына әйелге не болды екен деп қалдым ғой», «Бәріміздің басымыздағы жайттан бұл кісі де өткен екен»,  «Еңбек, талант, шаршамай алға жылжудың арқасы деп білемін», «Декретте қартайып, кейін жасарады екенбіз ғой», деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.