Бүгін ауа райы қалай болады?

Бүгін ауа райы қалай болады?

«Қазгидромет» РМК  баспасөз қызметінің мәліметінше, еліміздің батыс аудандарына солтүстік-батыс циклонының жырасы әсер ететін болғандықтан бұл аймақта жауын, қар жауып, көктайғақ болады. Республиканың кей жерлеріне тұман түсіп, жел күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақтөбе облысының кей жерлеріне тұман түсіп, түнде көктайғақ болады, желдің күші секундына 16 метрге жетеді. Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, жел секундына 15-23 метр жылдамдықпен еседі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Ақмола, Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлеріне тұман түседі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.