COVID-19: 265 адамның жағдайы ауыр
COVID-19: 265 адамның жағдайы ауыр
163
оқылды
Қазақстанда коронавируспен ауырған 265 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы Aikyn.kz.  Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«30 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 403 адам коронавирус инфекциясынан (15 787 КВИ+ және 11 616 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 430 пациент стационарда, 20 973 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 265 адамның жағдайы ауыр, 61 пациенттің жағдайы өте ауыр, 43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», – делінген хабарламада.