«Аз болса да, адал ақша тапқаным артық»: Қызылорданың ең сұлу аруы дәмханада ыдыс жуып жүр

«Аз болса да, адал ақша тапқаным артық»: Қызылорданың ең сұлу аруы дәмханада ыдыс жуып жүр

Әлеуметтік  желіде "Мисс Қызылорда-2017" атанған Гүлнұр Нұртазаның дәмханалардың бірінде пияз аршып, ыдыс жуған видеосы пайда болды. Кадр сыртындағы дауыс бұл Гүлнұр Нұртаза екенін айтады. Қыз да мұны жоққа шығармайды. Гүлнұрдың таныстарының айтуынша, қазір ол қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр. 19 жастағы қыз ата-анасыз қалған. Екі жыл бұрын әкесі қайтыс болды, анасы екі ай бұрын көз жұмған. Енді ол аз болса да, адал ақша табуды ойлайды. https://www.youtube.com/watch?v=3EutSqbbdVA&feature=emb_logo&ab_channel=Webvideo_1_