5 автокөлік соқтығысып, 1 адам қаза тапты

5 автокөлік соқтығысып, 1 адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында 5 автокөлік соқтығысып, 1 адам қаза тапты. БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Ақжайық ауданының Алғабас ауылы тұсында республикалық жол бойында Lada granta, Volkswagen Passat, Toyota Camry, ВАЗ-2114 және Chevrolet Aveo автокөліктері бір біріне соғылған. Салдарынан Lada granta автокөлігінде отырған жолаушы көз жұмды.

«Түрлі жарақат алған 3 адам Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді», - деді департаменттен.
Қазір осы оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.