Нұр-Сұлтанда жаңа жол ашылды

Нұр-Сұлтанда жаңа жол ашылды

Елордада Қорғалжын тасжолынан Қ.Мұхамедханов көшесіне дейінгі Е355 көшесінің құрылысы аяқталды. Бұл учаскенің ашылуы "Кристалл", "Нұрлы ұя", "Ерке", "Аркада", "Сенім", "Copengagen" және басқа да тұрғын үй кешендеріндегі елордалықтардың қоғамдық көлікпен қатынауына оң әсер етпек, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.˜ Бұдан басқа, Нұр-Сұлтанның қолданыстағы көше-жол желісі де жеңілдейді.