Ұшақ құрастыратын зауытта жарылыс болды

Ұшақ құрастыратын зауытта жарылыс болды

Оқыс оқиғадан 11 адам ауруханаға түсті, — деп хабарлайды CNN телекомпаниясына сілтеме жасаған «Қазақпарат».

Уичито қаласындағы (Канзас штаты) авиақұрылыс зауытында жарылыс болды.

Жарылыс азаматтық және әскери ұшақтар шығаратын Beechcraft авиаконцернінің зауытында болған.

Рождествоны мерекелеуге орай зауыт жұмысын тоқтатқан екен. Сондықтан оқыс оқиға кезінде адам өлімі болмауы тиіс. Дереккөздің хабарлауынша, жарақаттанған 11 адам ауруханаға түсті. Тағы 4 адамды сол жерде дәрігерлер тексеріп, үйіне қайтарды.

Қазіргі уақытта жарылыс орнында құқық қорғау органдары мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.