АҚШ-та тұрғын үйдің үстіне ұшақ құлады

АҚШ-та тұрғын үйдің үстіне ұшақ құлады

Жексенбіде Мэриленд қаласының маңында шағын ұшақ құлады, – деп хабарлайды The NY times басылымына сілтеме жасап «ҚазАқпарат».

Ұшақ тұрғын үйдің ауласында көлік қоятын тұраққа құлаған.

Апат салдарынан ұшқыш көз жұмды.

«Ұшақ пен автокөлік төбесі жанып кеткен, бірақ өрт жылдам өшірілді», — деп хабарлады Принц-Джордж округінің өрт сөндіру және апаттық қызмет өкілі Марк Брейди.

Брейди жараланғандар болмағанын айтқан. Келіп түскен ақпараттар бойынша, ұшақ құлаған уақытта үйде кімнің болғаны түсініксіз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.