АҚШ Мемхатшысының Қазақстанға сапарының мерзімі белгілі болды

АҚШ Мемхатшысының Қазақстанға сапарының мерзімі белгілі болды

2020 жылдың 5 қаңтарында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Нұр- Сұлтанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекеттік хатшы Нұр-Сұлтанға барады, онда ол 5 қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездеседі. Олардың Орталық Азиядағы бейбітшілікке, өркендеу мен қауіпсіздікке деген ортақ ұстанымдарын растайды және инвестициялар, экономикалық реформалар және адам құқықтары бойынша екіжақты пікірталастар жүргізеді», – делінген Мемлекеттік департамент сайтында.

Содан кейін Мемлекеттік хатшы Ташкентке барады, ол жерде президент Шавкат Мирзиёевпен кездеседі деп күтіліп отыр.