Әзірбайжан Каспий конвенциясын тездетіп ратификациялауды қолдайды

Әзірбайжан Каспий конвенциясын тездетіп ратификациялауды қолдайды

Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Эльмар Мамедъяров Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау процесін жеделдетуді ұсынды.

Әзірбайжандық БАҚ хабарлағандай, Каспий теңізінің мәртебесі жөніндегі Конвенцияның күшіне енуі өңір елдері арасындағы өзара іс-қимыл жасау үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

«Өткен жылы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қою біздің өңіріміз бен ел үшін маңызды қадам болды. Бұл құжат Каспий маңы мемлекеттері арасындағы қатынастарды одан әрі дамытуға, сондай-ақ Каспий өңіріндегі тұрақтылық, прогресс және өзара сенім ахуалын дамытуға ықпал етеді. Қазіргі уақытта барлық тараптардың конвенцияны ратификациялауы біздің алдымызда тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Келесі кезеңде конвенцияның күшіне енуі және одан туындайтын мәселелер өз шешімін табуы маңызды, - деп атап өтті Эльмар Мамедъяров.

Естеріңізге сала кетейік, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға "Каспий бестігі" елдерінің басшылары 2018 жылдың 12 тамызында қол қойған болатын. Құжат бойынша жұмыс 20 жыл, 1996 жылдан бері жүргізілді.