Соңғы үш тур "Барыс" үшін қиын болды. Алдымен овертаймда "Салават Юлаевқа" жеңіліп, кейін "Автомобилист" пен "Металлургтан" ұтылды. Бүгін «Барыс» Новосибирск қаласында «Сибирь» командасын жеңіп, Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне өтті. 2 шайба айырмасымен жеңіліп жатқан елордалық ұжым екінші кезеңде таразы басын теңестіріп, ойын соңында жеңісті жұлып алды. «Сибирь» (Новосибирск, Ресей) — «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 2:3 (1:0, 1:1, 0:2)