Супермаркеттен 4 күн бойы алкогольді ішімдік ұрлаған елорда тұрғыны ұсталды   

Супермаркеттен 4 күн бойы алкогольді ішімдік ұрлаған елорда тұрғыны ұсталды   

Елордадағы супермаркеттердің бірінің әкімшісі қымбат тұратын алкогольді ішімдіктің ұрланғанын айтып, полицияға жүгінген. Дүкен қызметкерлерінің берген ақпараты бойынша, белгісіз адам 4 күн бойы дүкенге келіп, алкогольдік ішімдіктер бөлімінен жалпы құны 82 489 теңге болатын  4 бөтелке «Джек Дениелс» маркалы виски, 2 бөтелке «Бурбон» маркалы виски ішімдігін және 1 бөтелке «Сауронс» маркалы шарабын ұрлаған. Спирттік ішімдіктердің жетіспеушілігі ревизияны жүргізу және бейне бақылау камерасын қарау кезінде анықталды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні ұстады. Ол бұған дейін ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған 40 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Ол тағы бірнеше рет ұялы телефон ұрлағаны үшін күдікке ілінді. Ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.