СҚО тұрғыны 67 жастағы пәтер иесінің атына несие рәсімдеген

СҚО тұрғыны 67 жастағы пәтер иесінің атына несие рәсімдеген

Көкшетауда пәтер жалдап тұрған СҚО тұрғыны  67 жастағы зейнеткердің атына несие рәсімдеген. Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 3 қаңтарда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының 67 жастағы тұрғынынан арыз түскен. Зейнеткер «Фрэнли Файнэнс Қазақстан» микронесиелік ұйымында 25 мың теңге несие рәсімделгенін айтқан.

«Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 37 жастағы, бұрын алаяқтық үшін сотталған Солтүстік Қазақстан облысы Новоишим ауылының тұрғыны анықталды. Күдікті мұндай  әрекетке барғанын мойындады. Белгілі болғандай, бұған дейін алаяқ зейнеткердің пәтерін жалдап тұрған, пәтер иесінің аңқаулығын пайдаланып телефон арқылы несие рәсімдеген», - деді ведомстводан.
Қазір осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы «алаяқтық» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.