500-ге жуық Қазақстан азаматы шетелден ПТР-анықтамасыз келген

500-ге жуық Қазақстан азаматы шетелден ПТР-анықтамасыз келген

6 ақпанда Қазақстан Республикасы аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 2 099 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 615 адам келсе, 484 Қазақстан азаматының анықтамасы болмаған. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 350 жолаушы, анықтамамен - 1 049, анықтамасыз - 301; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 431 жолаушы, анықтамамен - 355; анықтамасыз - 76; Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 232 жолаушы, анықтамамен - 125; анықтамасыз - 107; Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 86 жолаушы анықтамамен келген. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тест тапсырды және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтті. Анықтамасыз келген барлық 470 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.