Шығыс Қазақстан облысында 2 балықшы қар құрсауында қалды

Шығыс Қазақстан облысында 2 балықшы қар құрсауында қалды

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында құтқарушылар көлігі қарға батқан екі балықшыға көмектесті. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, екі балықшының Mitsubishi Pajero автокөлігі қар құрсауында қалған қойған. Оқиға орнына арнайы техникамен келген құтқарушылар азаматтарды жақын маңдағы Шүлбі кентіне жеткізді. Балықшыларға медициналық көмек қажет болмады.

"Өзенге балық аулауға шыққан ер адамдар қалың қардан кері қайта алмай қалды. Олар құтқарушылардың алдын ала жасаған ескертуін елемеген", – деп хабарлады ведомстводан.