Солтүстік, Батыс, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, Алматы облысында боран болады

Солтүстік, Батыс, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, Алматы облысында боран болады

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін ауа райы құбылмалы болады. Республиканың оңтүстігінде кей жерлерде жауын-шашын, солтүстігі мен солтүстік-батысыңда қар жауады.

Кей аймақта тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады.

Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, түнде кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.